НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСЫЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ ОРМАН ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1155Ключевые слова:
сақталу; орман дақылдары; жасыл аймақ; ағаш түрлеріАннотация
Зерттеудің мақсаты шартты-орманға жарамды топырақта Нұр-Сұлтан
қаласының жасыл аймағында орман дақылдарының сақталуын талдау болып
табылады. I кезектегі орман дақылдарында шегіршін (74,79%),
сүйір жапырақты үйеңкі (64,68%) және жіңішке жапырақты жиде (64,64%) ең
көп сақталуымен ерекшеленді. Орташа сақталу жылдар бойынша әртүрлі.
2012 және 2013 жылдар барлық түрлердің сақталуы үшін неғұрлым қолайлы
болды. Ең аз сақталу жіңішке жапырақты жидеде болды ( 84,4%), үйеңкі мен
шегіршінде– 90% - дан асты. Тұзды топырақтарға нашар бейімделген кәдімгі
қарағай мен қайың ағаштары үшін бұл белгі сәйкесінше 52,6 және 65,8%
құрады, бұл осы түрлер үшін өте жоғары көрсеткіш. Қалған жылдары сақталу
60-80% орташа деңгейде ауытқыды. II кезектегі орман дақылдарында
сақталуының төмендеуіне қарай мынадай ағаш түрлерін көрсетуге болады:
терек (100,0%), қызыл тал (82,15%), шегіршін (78,84%), шаған жапырақты
үйеңкі (74,60%), сары қарақат (57,61%), сібір алмасы (52,40%), жіңішке
жапырақты жиде (50,34%), кәдімгі қарағай (41,40%). Тұрақтылығының
төмендеуіне қарай ағаштардың топырақтың тұздануына бейімделу дәрежесі
анықталды: шегіршін, шаған жапырақты үйеңкі, қызыл тал, сары қарақат,
жіңішке жапырақты жиде, сібір алмасы, салпыншақ қайың және кәдімгі
қарағай.