ВАКЦИНА ЕГІЛГЕН ТОРПАҚТАРДЫҢ ҚАН САРЫСУЫНДАҒЫ BRUCELLA-ҒА ТЕЛІМДІ АНТИДЕНЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ

Авторы

  • А.Қ. Бұлашев, в.ғ.д., профессор, Ө.С.Әкібеков, в.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Ж.Ә. Сұраншиев, в.ғ.к., доцент, А.С.Сыздыкова, т.ғ.м., Б.Қ. Іңірбай, докторант

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.53

Ключевые слова:

торпақтар, бруцеллез, Brucella рекомбинантты протеиндері, антигенділік, иммуногенділік, серология, ИФТ, диагностика

Аннотация

Мақалада бруцеллалардың сыртқы мембранасының рекомбинантты протеиндерінің (Omp19, Omp 25, Omp 31) рBР26 периплазматикалық протеиндері мен супероксиддисмутазаның (SOD) антигенділігі вакцина егілген торпақтардың қан сарысуларын қолдана отыра иммунды ферменттік талдаудың «жанама» қойылымында (ж-ИФТ) зерттелген. Зерттеу барысында роз-бенгал сынамасымен (РБС) салыстырғанда, рекомбинантты протеиндерді бруцеллалардың антигені ретінде қолдану ИФТ-дың сезімталдығын, телімділігі мен дәлдігін айтарлықтай арттыра түсетіндігі айқындалды. B. abortus 19 штаммының толық дозасымен иммунделген жануарлардың көпшілігінің (69%-94%) организмінде, иммунделген күнінен бастап кем дегенде 6 айға дейін (бақылау уақыты) поствакциналды антиденелердің болатындығы дәлелденген. ИФТ «жанама» қойылымында серопозитивті қан сарысуларының кей жағдайларда бірден барлық қолданылған протеиндермен әрекеттесе
алмайтындығы белгілі болды. Бұл бақылаулар торпақтардың қан сарысуын зерттеу кезінде бірыңғай антиген ретінде Omp19+Omp25 құрамасын сынауға
негіз болды. Нәтижесінде, бруцелланың ең негізгі екі сыртқы мембранасының протеиндерінен құралған антиген ИФТ-нің сезімталдығын айтарлықтай
жоғарылатты. Демек, иммунды талдауға арналған антиген бруцеллалардың бірнеше рекомбинантты протеиндердің құрамасынан тұру қажет екендігі
айқындалды.

Загрузки

Опубликован

2021-05-20