УДК 639.3 ӨНЕРКӘСІПТІК ЖАҒДАЙДА СІБІР БЕКІРЕСІНІҢ ЛИЧИНКАЛАРЫН ӨСІРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Авторы

  • Тарина Г. Қ. Научный сотрудник Алтайского филиала ТОО «Научно- производственный центр рыбного хозяйства»

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1149

Ключевые слова:

Сібір бекіресінің личинкасы; өсіру; судың температурасы; азықтандыру; өсу қарқыны; жабық сумен жабдықтау қондырғысы; өнеркәсіптік балық шаруашылығы

Аннотация

Сібір бекіресінің жойылып бара жатқан популяциясын сақтау
мақсатында «OstFish» ЖШС балық өсіру шаруашылығында тұйық сумен
жабдықтау қондырғылары (ТСЖҚ) базасында индустриялық жағдайларда
сібір бекіресін жасанды өсімін молайту және өсіру технологиясын пысықтау
бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Кез-келген балықты сәтті өсірудің кілті-оның барлық кезеңдерінде
өндірістік шығындарды азайту. Өмірдің алғашқы кезеңдерінде жоғалтуды
болдырмау өте маңызды. Балық өсірудегі ең күрделі технологиялық процесс
– ерте шыққан шабақтарды өсіру екендігі белгілі [1, 2].
Балық личинкаларының өсуі мен өмір сүруінің негізгі факторларының
қатарына судың температурасы, суда еріген оттегінің мөлшері және тамақпен
қамтамасыз етілуі жатады. Осыған байланысты балық өсірудің маңызды
кезеңі - личинкаларды өміршең кезеңге дейін өсіру.

Загрузки

Опубликован

2022-09-01