БҰЗАУ КҮТУ ҚОРАСЫН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1141Аннотация
Мақалада бұзауларға арналған диспансерді тазалау және дезинфекциялаудың механикалық, физикалық және химиялық әдістерін қолдану бойынша зерттеулердің нәтижелері берілген. Зерттеулер Солтүстік Қазақстанның Ақмола облысындағы шаруа қожалығында бұзау қорасында жүргізілді. Бұзаулар диспансерін тазалау үш әдіспен жүргізілді: механикалық әдіс – күрекпен, қырғышпен, сыпырғышпен, сонымен қатар гидротазалаудың
көмегімен тазалау; физикалық әдіс - табиғи (күн сәулелері) және жасанды жарық көздері - микробтарды жоюға арналған шамдардың ультракүлгін
сәулелері; химиялық әдіс –әктеу және ГАН-10% аэрозольді препаратын шашу. Қоршаған орта объектілерінің сынамаларын талдаудың зоогигиеналық
әдісі бойынша мал қораларында микроорганизмдердің өсуіне талдау жүргізілді. Бұзауларды өңдеуге дейінгі зерттеулерде таяқшалар мен бактериялардың – 100%, зеңдер – 80%, ашытқылар – 20%, актиномицеттер –
80% жаппай өскенін көрсетті. Өңдеуден кейін механикалық өңдеу кезінде микроорганизмдер саны, микробтық ластану тек 31,1 ± 3,5%, физикалық өңдеу кезінде 56,9 ± 2,8%, химиялық өңдеу кезінде 91,0 ± 0,6% төмендеді.