ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨРМЕЛЕРДІҢ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ АНСАМБЛЬДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.61Ключевые слова:
көрме, экспозиция, ЭКСПО, сәулет, дизайн, павильон, қала құрылысы ансамблі, бас жоспар, қалалық кеңістік, көрме аумағыАннотация
Дүниежүзілік Көрме әлемдегі ірі оқиға болып табылады. Негізінде ЭКСПО индустриализацияның қозғаушы белгісі және озық ғылымитехникалық табыстың үлкен көрсетуші алаңы болып саналады. Мақала қала құрылысы факторының мәнмәтініндегі ең табысты дүниежүзілік көрмелердің даму эволюциясын қарастырады. Дүниежүзілік көрме индустрияландыру нышаны және техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсету үшін ашық алаң болып табылады. Әлемдік деңгейдегі көрмелер тұрғындардың өмір сүру ортасын ішінара өзгертіп, оларды әртүрлі елдерден қатысушылар қалыптастырған жаңадан
құрылатын инновациялық кеңістікке тарта отырып, өзгертеді. Дүниежүзілік көрмелер қалалық ортаға белсенді түрде енгізіледі, сондықтан оларды жабылғаннан кейін пайдалану өзектілігін жоғалтпайды. ЭКСПО көрмесі адамның материалдық және рухани қызметін, осы қызметтің саяси, экономикалық, әлеуметтік және ғылыми – техникалық жағдайларын көрсетеді. Кейіннен дүниежүзілік көрмелер қысқартылған Халықаралық атау – ЭКСПО болады. Дүниежүзілік Көрмені өткізу қаланың дамуына ғана емес, қаланың жекелеген аудандарын қайта құруға тікелей бағытталған. ЭКСПО-бұл қала инфрақұрылымын дамытуда, Дүниежүзілік көрменің қала құрылысы ансамблін тұрғызу үшін бөлінген аумақта ғана емес, сонымен қатар жалпы қала құрылысын салу, қаланың туристік тартылу нүктелерін қайта құру және жетілдіру жолындағы сапалы қадам. Дүниежүзілік көрме аумағын қалыптастыруды қазіргі қаланың көркем және әлеуметтік-экономикалық тартымдылығын арттырудың жаңа тиімді тәсілі ретінде қарастыру қажет.
.