СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ТУҒАН БҰЗАУЛАРДЫҢ CRYPTOSPORIDIUM PARVUM ЖҰҚТЫРУ ҚАУПІН ӨНДІРІС ТЕХНОЛОГИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ РЕГРЕССИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторы

  • Құрманбаева Дидар С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Усенбаев Алтай С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Сахария Лаура С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Байкадамова Гульнар С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Сеиткамзин Динара С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Акижанова Назым С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1137

Ключевые слова:

бивариантты логистикалық регрессиялық талдау; Cryptosporidium parvum; бұзау; ірі қара мал өсіру технологиялары; Солтүстік Қазақстан

Аннотация

Криптоспоридиоз – бес жасқа дейінгі балалардың жоғары деңгейдегі өліміне әкелетін және осыған байланысты Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының қатерлі инфекциялар тізіміне кіретін зооноз. Ауруды бақылау және жою үшін эпидемиялық процестерді модельдеу маңызды құрал екендігі белгілі. Малшаруашылығы дамыған аграрлық аймақтарда осы инвазияның негізгі көзі Cryptosporidium parvum түрімен залалданған ірі қара мал төлі болып табылады. Бұл жұмыста Солтүстік Қазақстанның ірі қара мал фермаларындағы C.parvum инвазиясы деңгейіне жаңа туған бұзауды өсіру технологияларының әсерін бағалау үшін логистикалық регрессиялық талдау жүргізілді. Осы мақсатта 2019-2020 жылдары аталмыш аймақтың 13 аудандарының 24 фермаларында бір айға дейінгі 245 жаңа туған бұзаулардың нәжіс сынамалары жиналды, олар микроскопиялық дәстүрлі әдістер және коммерциялық иммунохроматографиялық жиынтықтар көмегімен зерттелінді. Криптоспоридиоз тексерілген аудандардың 69.2%, атап айтқанда, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен орта көлемді шаруа қожалықтарында кең таралғаны анықталды. Бұзаулардың C.parvum түрімен залалдануының экстенсивтік деңгейі 1.6-29.1% аралығында болды. Алынған берілгендерді R бағдарламасында бивариантты регрессиялық талдау нәтижесінде жаңа туған бұзауларды енелерінен бөлек өсіру технологиясы олардың жоғары деңгейде инвазиялануымен байланысты екендігі статистикалық тұрғыдан нақтыланды. Бұл неонатальды бұзау криптоспоридиозын алдын алуда өндіріс технологиялардың маңыздылығын дәлелдейді.

Загрузки

Опубликован

2022-09-01