СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ЖАЗДЫҚ БИДАЙ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1129Ключевые слова:
тұқым; бидай; сұрып; фитосараптама; себуге сапасы; шығымдылығы; фитопатогенАннотация
ТТұқымдардың сапрофитті және паразитті инфекция қоздырғыштарымен
айтарлықтай зақымдануына байланысты тұқымдарға фитопатологиялық
сараптама жүргізу міндетті тәсілге айналып барады, ол тұқым қорының жай-
күйін бақылауға және қорғау мәселелерін білікті түрде шешуге мүмкіндік
береді. Егіс материалының ауруларға шалдыққан не шалдықпағанын
уақытылы зерттеу қаржылық шығындар қаупін төмендетуге және ойдағыдай
өнім алуға мүмкіндік береді. Осы жұмыста Солтүстік-Шығыс Қазақстан
жағдайларында (Павлодар облысы мысалында) жаздық бидай тұқымдарының
фитоснаитарлық жай-күйі анықталды. Зерттеу мақсаты – тұқымдардың
себуге деген сапасын анықтау; жаздық бидай тұқымдарының патогендік
микрофлорасының құрамын зерттеу. Жалпы алғанда Павлодар облысының 6
ауданынан 24 сұрыпқа жататын жаздық бидайдың 72 партиясы талданды.
Зерттеу нәтижесінде тұқымдардың тамыршірік қоздырғыштарымен
зақымдану дәрежесінің жоғары екені анықталды. Келесідей басым
фитопатогендер анықталды: Bipolaris sorokiniana, Alternaria, Fusarium
тұқымдас саңырауқұлақтар және жаздық бидай бактериоздарының
қоздырғыштары. Тұқымдардың сапасын арттыру шаралары ұсынылды.