ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҰСАҚ КҮЙІСТІ ЖАНУАРЛАР ОБАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ҚАУПІ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1122Ключевые слова:
ұсақ күйісті жануарлардың обасы; тәуекелді талдау; қауіп факторлары; індеттік жағдай; ұсақ күйісті мал; аймақтандыру; Қазақстан.Аннотация
Ұсақ күйісті жануарлардың обасы (ҰКЖО) – ауыл шаруашылығына елеулі залал келтіретін вирустық трансшекаралық аурулардың бірі болып табылады. Мақала, ҰКЖО ҚР шекара маңындағы аумақтардан енген жағдайда, оның республика аймақтарында таралу бейімділігін зерттеуге арналған. Әр әкімшілік аймақтағы індет тұтанулары саны мен ықпал етуші факторлар жиынтығы арасындағы байланысты анықтау үшін теріс биномдық модель қолданылды. Әсер етуші факторлары ретінде бірқатар әлеуметтік- экономикалық, ландшафттық және климаттық көрсеткіштер қарастырылды. Тұтастай алғанда, қолданылған модель, Қазақстан аумағының ҰКЖО таралуы үшін төмен жарамдылығын көрсетті. Бірақ, сонымен бірге, елдің оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және батысында, болжамды түрде індеттің тұтану саны арта түсуі мүмкін үш кластер анықталды. Зерттеу нәтижелері, қауіпі жоғары аудандарда мақсатты мониторинг жүргізу арқылы Қазақстанда ҰКЖО тіркелуі мен таралуының алдын алудың ұлттық стратегиясын қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.