ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚҰТЫРЫҒЫ БОЙЫНША ІНДЕТТІК ЖАҒДАЙДЫ КЕҢІСТІКТІК-УАҚЫТТЫҚ ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1118Ключевые слова:
құтырық; эпизоотия; індеттік процесс; инфекциялық аурулар; індеттік жағдай; аймақтандыру; жабайы жануарлар.Аннотация
Қазақстанда құтырық көп жылдардан бері ел экономикасына елеулі залал келтіріп отырған мәселе болып табылады. Бүгінгі таңдағы экономикалық прогресс жағдайында, инфекцияның таралуының қазіргі
ерекшеліктеріне сәйкес, оны жою үшін ғылыми негізделген стратегиялық шараларды қабылдау маңызды. Бұл мақалада, Қазақстан Республикасында соңғы 10 жылдағы жануарлардың құтырығы бойынша жүргізілген індеттанулық мониторинг нәтижелері көрсетілген. Зерттеу нәтижелері, еліміздің 4 облысында (Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан және Түркістан облыстары) құтырық ошақтарының таралуы басым болғанын көрсетті, атап айтқанда ошақтардың жалпы санының 58%-ы осы әкімшілік аумақтарға тиесілі. Жануарлар түрлеріне қатысты, ауру көп жағдайда ауылшаруашылық және үй жануарлары арасында тіркелген, алайда 2020- 2021 жылдары, жабайы жануарлар арасында да құтырық оқиғаларының көбеюі байқалады. Құтырықтың заманауи эпизоотиясының ерекшеліктеріне, бұрын қолайлы болып саналатын Павлодар және Солтүстік-Қазақстан облыстарының аумақтарында жаңа ошақтардың пайда болуын жатқызуға болады. Жалпы алғанда, алынған нәтижелер, ел аумағында жануарлардың құтырығын алдын алу шараларының тиімділігін арттыру үшін қолдануға жарамды.