БАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚҰНЫН БАҒАЛАУ РЕТТЕУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА ТАБИҒИ ПАЙДАЛАНУ

Авторы

  • Куликов Е. В. ТОО «Научно –производственный центр рыбного хозяйства»
  • Исбеков К. Б. ТОО «Научно-производственный центр рыбного хозяйства»
  • Аубакиров Б. С. ТОО «Научно –производственный центр рыбного хозяйства» г.Усть-Каменогорск
  • Сансызбаев Е.Т. ТОО «Научно-производственный центр рыбного хозяйства»

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1114

Ключевые слова:

биоресурстар; балық аулау қоры; балық ресурстары; сандық бағалау; құны; аукцион; бастапқы баға

Аннотация

Зерттеуді Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі қаржыландырады (№ВР10264205 грант) Қазақстанның
негізгі балық кәсіпшілігі су айдындарының балық ресурстары мен басқа да
гидробионттарының жай-күйін кешенді бағалау және оларды орнықты
пайдалану жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу).
Биоресурстарды экономикалық (бағалық) бағалау Қазақстанда
бастапқы бағаны айқындау үшін аукцион негізінде балық шаруашылығы
мақсаттары үшін су айдындарын (учаскелерін) ұзақ мерзімді бекітуге көшу
кезінде қажет. Бұл үшін биоресурстарға қатысты нақты су айдындарын
(учаскелерді) құндық бағалау қажет. Қазақстан Республикасының балық
шаруашылығы су айдындарында, атап айтқанда Жайсаң көлі мен Қапшағай
су қоймасында кәсіптік балық түрлерінің биомассасы бойынша мәліметтерді
талдау және түгендеу жүргізілді. Балықтардың саны мен биомассасын есепке
алу кезінде жас топтары бойынша саны мен биомассасын бөле отырып,
тікелей есепке алу әдісі пайдаланылды. Ресурс құны бойынша мәліметтер
негізінде зерттелетін су айдындарының әрқайсысында су биологиялық
ресурстарының құнын алдын ала есептеу жүргізілген. Зерттелетін су
айдындарындағы кәсіпшілік объектілерінің кәсіпшілік (уылдырық шашу)
қорының биомассасы: Жайсаң көлі – 42653 тоннаны, Қапшағай су қоймасы –
4333 тоннаны құрады. Биоресурстардың құнын алдын ала бағалау жүргізілді:
Жайсаң көлі - 4073 млн теңге, Қапшағай су қоймасы – 589 млн теңге. Су
айдындарын бекіту кезінде маңызды сәт - әр су айдындарының (учаскенің)
бастапқы бағасын анықтау болып табылады. Ресурстардың санын және су
айдынының (учаскесінің) есептелген алаңы, сондай-ақ оның кәсіпшілік
балық өнімділігі ескере отырып, балық аулау қызметіне құқық алу үшін
бастапқы құны есептеу бойынша ұсыныстар әзірленді. Аукционда су
қоймасының (учаскесінің) бастапқы бағасын есептеу формуласына су
айдындарын су бетінің ауданын, оның балық өнімділігін және белгіленген
(жалға беру) жылдардың саны көрсететін коэффициенттерді енгізу
ұсынылды.

Загрузки

Опубликован

2022-09-01