КЕЙБІР СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ГЕНОМДЫҚ ДНҚ-ЫН БӨЛУ ӘДІСТЕРІ

Авторы

  • Адырбекова К.Б. Казахский национальный университет имени Аль-Фараби
  • Исбеков К.Б. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1113

Ключевые слова:

су қоймалары, сирек түрлер, балық, ДНҚ изоляциясы, протеиназа K, агарозды гель, электрофорез

Аннотация

Зерттеу жұмыстары барысында ДНҚ-ның сандық көрсеткіштерін тиімді жолмен пайдалану арқылы және балыққа еш зияны тимейтіндей етіп тіні алынды. Осы мақсатта жүзу қанаттарынан алынған тін пайымдырақ, өйткені оның тез арада қалпына келу қабілеті бар. Генетикалық алуантүрлілікті және филогенезін зерттеудің бастапқы қадамы болып геномдық ДНҚ-ны бөлу қажет.  Зерттеу хаттамасы тиімді, аз уақытты қажет ететін, үнемді және зиянсыз болуы керек, әсіресе сирек кездесетін, эндемиялық және жойылып бара жатқан түрлер үшін. ДНҚ экстракциясы үшін сирек кездесетін екі балық түрінің қанаттарынан барлығы 16 балықтың үлгілері алынды. Кейбір өзгерістерді енгізу спин-колонка методикасы және комерциялық бөлу жинағы әдістері  арқылы тірі балықтардың этанолда сақталынған ДНҚ-ның жоғары сапада алынғаны көрсетілген. Модификацияларға көбірек протеиназа K пайдалану және қанаттың қатты құрылымына байланысты лизис процесінің уақытын сәл ұлғайту кіреді. ДНҚ-ын екі әдіспен алу арқылы, олар жеткілікті, таза жоғары сапалы және кейінгі ПТР күшейту үшін жарамды болды. Бұл әдіс құрып кету қаупі төнген, эндемикалық және сирек түрлердің ДНҚ-ның бөлу үшін өте қолайлы, өйткені ол балыққа ешқандай зиянды әсер етпейтін тін фрагментінің ең аз мөлшерін қажет етеді.

Загрузки

Опубликован

2022-09-01