«КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ТӨМЕНГІ КӨЛСАЙ КӨЛІНДЕГІ ҚҰБЫЛМАЛЫ БАХТАХТЫҢ (PARASALMO MYKISS) ҰДАЙЫ ӨСУІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1112Ключевые слова:
«Көлсай Көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; Төменгі Көлсай көлі; құбылмалы бахтах; су температурасы; уылдырық шашу; балық аулауға тыйым салу мерзіміАннотация
Мақалада «Көлсай Көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының
(МҰТП) Төменгі Көлсай көліндегі балық шаруашылық ғылыми зерттеу
материалдары берілген. Тапсырыс берушінің тапсырмасына және ағымдағы
2022 жылға арналған Жұмыс бағдарламасына сәйкес, зерттеудің басқа да
сұрақтармен қатар Төменгі Көлсай көліндегі құбылмалы бахтахтың
уылдырық шашуға өту мерзімін және осы су айдында ұдайы өсу жағдайын
нақтылауды зерттеу болды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері
бойынша, бұл су айдында құбылмалы бахтах үшін әдеттегідей, көбеюіне
қажетті ағынды суы бар және ағысы жылдам учаскелердің болмауына
қарамастан, қиыршық тасты субстраттың болуы, судың тазалығы мен жоғары
мөлдірлігінің арқасында уылдырық шашуы сәтті өтіп жатқаны анықталды.
Орындалған зерттеулердің нәтижесі бойынша әуесқойлық (спорттық) балық
аулауға тыйым салудың бұрын белгіленген мерзімін Төменгі көлде 3 айдан 2
айға дейін, сондай-ақ Ортаңғы Көлсай көлінде 10 күндік уақыт
айырмашылығымен қысқарту ұсынылды, бұл «Көлсай Көлдері» МҰТП
келетін туристер мен басқа да демалушылар үшін аса маңызды болып
табылады.