ТҮРЛІ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНДАҒЫ ГЛИЦИДИЛ ЭФИРЛЕРІНІҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1107Ключевые слова:
глицидил эфирлері; тазартылған өсімдік майлары; тазартылмаған өсімдік майлары; дезодорация; глицидол; азық-түлік өнімдері; май-қышқылдық құрамыАннотация
Жұмыста МЕМСТ Р ИСО 18363-2-2019 және МН 4.1.3547-19 сипатталған әдістемелеріне сәйкес зерттеліп, тазартылмаған және тазартылған өсімдік
майларының үлгілеріндегі глицидолға қайта есептегендегі май қышқылдарының глицидил эфирлері мөлшерілері ұсынылған. Өсімдік майларының зерттелген үлгілеріндегі глицидил эфирлері концентрациясының диапазоны 0,1-ден 9,8 мг/кг-ға дейін болды, ал стандартты нормада тағамдық
өсімдік майлары үшін 1 мг/кг-нан аспауы керек. Май үлгілерін талдауы дедозодорацияланбаған майларда глицидил эфирлерінің толық және дерлік жоқтығын растады. Глицидил эфирлерінің ең көп мөлшері тазартылған пальма майында (9,8 мг/кг) табылды, бұл нарыққа кіретін өсімдік майларындағы осы
улы қоспалардың мөлшерін бақылаудың маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері өсімдік майларының барлық ұсынылған үлгілері үшін тазартылған және тазартылмаған майлардың физикалық және физика-химиялық көрсеткіштері олардың табиғи екендігін растайтынын және белгіленген нормаларға сәйкес келетінін көрсетті. Зерттелетін өсімдік майлары май-қышқылдық құрамы бойынша майдың әр түрлеріне қойылатын нормативтік
құжаттардың талаптарына сәйкес келеді