КІШІ АРАЛ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ПАРАЗИТОФАУНАСЫНА ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1102Ключевые слова:
Кіші Арал; ихтиофауна; паразитофауна; балық популяциясы; моногенетикалық сорғыштар; дигенетикалық сорғыштар; нематодтар.Аннотация
Қазіргі уақытта Қазақстанда балықтардың паразиттік аурулары тіркелмейді және эпидемияға қарсы іс шараларды жүзеге асыру қажеттілігі проблема болып саналмайды, балықтардың бір су айдынынан екінші су айдынына қоныс аудару кезінде қайта жұқтыру факторлары ескерілмейді. Сондықтан балық шаруашылығы кәсіпорындары өздерінің іс-әрекеттері арқылы эпидемиологиялық талдаусыз жасанды да, табиғи су қоймаларында да көптеген паразиттік аурулардың таралуына ықпал етеді. Зерттеудің негізгі мақсаты теңіздегі эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Кіші Арал балықтарының паразитофаунасын зерттеу болып табылады. Әртүрлі гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық көрсеткіштерімен және де әртүрлі балық өнімділігімен ерекшеленетін 6 балық кәсіпшілігі аудандарының балықтары зерттелді. Зерттеу барысында біз балықтың 9 түрінен 33 паразиттің түрін анықтадық, олардың 2 түрі (Thominx tuberculata және Ergasilus briani) алғаш рет табылды. Арал теңізінде ең көп балықтарда кездескен -моногенетикалық сорғыштар (14 түрі), дигенетикалық сорғыштар (8 түрі) және нематодтар (5 түрі). Түрге дейін 6 паразит түрі анықталмады: моногенетикалық сорғыштардың 4 түрі (Paradiplozoon sp., Dactylogyrus sp., Gyrodactylus sp., Diplozoon sp.), паразиттік шаян тәрізділердің бір түрі - Lernaea sp., нематодтардың 1 түрі - Nematode larvaе.