СҰЙЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТЫ ТОПЫРАҚ ІШІНЕ ЕНГІЗЕТІН ПЫШАҚТЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕРІН НЕГІЗДЕУ

Авторы

  • Таңбаев Қ. Қ. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Нөкешев С. О. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1100

Ключевые слова:

есептік гидродинамика; сұйық ағынын модельдеу; сұйық минерал тыңайтқыштар; сұйық үлдір; топырақты терең өңдеу; топырақ өңдейтін пышақ; чизель соқасы

Аннотация

Мақалада сұйық минерал тыңайтқыштарды (СМТ) топыраққа астарлай енгізуге арналған топырақ өңдеу пышағының ішкі қуысының пішініне
геометриялық ізденіс нәтижелері ұсынылған. Баяндалған нәтижелер мен ұсыныстар сұйықтықтың бірқалыпты ағынын қалыптастыруға ықпал ететін
факторлар деңгейін анықтауда, аталған топырақ өңдеу пышағын өндіру үшін материал, технологиялық әдістерді таңдауда маңызды. Зерттеу нәтижелері
үлдір (пленка) мен бояу жабындарын экструзиялау, ауа перделерін қалыптастыру, сондай-ақ сызатты ағын бөлгіштерді жасау сияқты өндірістің өзге, жасау дәлдігі жоғары салаларына да маңызды болуы мүмкін.
Ізденістің басты мақсаты пышақтың бүкіл ені бойлап ізінде топыраққа сіңетін барынша кең және бірқалыпты сұйық үлдірін қалыптастыратын
қуыстың геометриялық пішінін, параметрлерін іздеу. Ізденіс кезінде сұйық ағынын модельдеуге арналған заманауи есептік гидродинамикасының (CFD)
бір құралы Solidworks Flow Simulation® бағдарламасы қолданылды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы сұйық минералды тыңайтқыштарды топыраққа енгізуге арналған пышақ қуысының пішіні және құрылымдық
параметрлерінің негізделген шектері. Ізденіс нәтижелеріне сай, зерттелген ені w = 102 мм болатын моделдер қатарында беру арнасы осінің пышақ жүзі жазықтығына қатысты орналасуы
түрлендірілген үлгі (Ү05, ϒ = 0,81 болғанда), беру арнасы конус (тарылған) пішінді үлгі (Ү06, К = 0,02), беру арнасы тік қиюшы жазықтықтар комбинациясымен қию арқылы арна соңына қарай тарылған үлгі (Ү07) тиімді болатыны анықталды және оларда пышақ саңылауынан шыққан сұйықтықтың бірқалыпты таралу көрсеткіштері жоғары болды. Сұйықтықтың біркелкі ағып шығуын қамтамасыз ететін пышақ саңылауы
биіктігі параметрінің шектері (су үшін) анықталды, h = 0,9–0,12 мм.

Загрузки

Опубликован

2022-09-01