КАРТОП ЕГІСТІГІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1090Ключевые слова:
картоп; колорадо қоңызы; өнім; суару жүйесі; озондалған су; қорғау жүйесі; экономикалық тиімділік.Аннотация
Ғылыми зерттеу жұмыстың өзектілігіне байланысты 2019-2021 жылдары зиянды организмдермен күресуде және Батыс Қазақстан облысында картоп агрофитоценозының зиянды ағзаларға тұрақтылығы мен өнімділігін арттыруда әртүрлі картоп сорттарында озондалған судың қолдануын салыстырмалы бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді. Бүгінгі таңда өсімдіктерді қорғау мәселелері егіншілікте байқалатын процестер мен тенденциялардың жалпы контекстінде қарастырылады. Егер ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды технологияларын кеңінен енгізу кезеңінде негізгі назар химияландыру құралдарына, оның ішінде пестицидтерді барынша пайдалануға аударылса, қазіргі уақытта зиянды ағза кешенінен қорғаудың экологияландырылған жүйелері бар дақылдарды өсірудің энергия және ресурс үнемдейтін технологиялары бірінші дәрежелі мәнге ие болуда. Зерттеу барысында топырақ-климаттық жағдайларға бейімделген жоғары өнімді және зиянды ағзалармен зақымдалуына төзімді картоп сорттары анықталды және зиянды ағзаларға қарсы ең тиімді әдіс ретінде озондалған судың жұмсалатын мөлшерінің қолдануы сыналды. Картоптың өнімділігі мен сапасын арттыруда экологияландырылған жүйенің әсерін зерттей отырып, озондалған суды қолданудың тиімді жүйе ретінде белгіленіп, дамытылған әдіске экономикалық баға берілді. Өндірісте экономикалық мәселелерді шешу барысында алдыңғы орынға шығатын ғылыми-техникалық прогресс және жабдықтар мен материалдық ресурстарға қол жеткізуде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.