ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘРТҮРЛІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА САБАҚ ТАТ (Puccinia graminis f. sp tritici) АУРУЫНЫҢ ТАРАЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

Авторы

  • З.Амангелдіқызы , доктор PhD М.А. Габдулов , а.ш.ғ.к., доцент Қ. Ғалымбек , доктор PhD Н. Амангелді, доктор PhD Р.Ж. Абдукерим , доктор PhD

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.14

Ключевые слова:

бидай, сорт үлгілері, фитосанитарлық бақылау, сабақ тат, төзімділік, мониторинг, фаза, таралуы, дамуы, өнімділік

Аннотация

Бидай егістік алқаптарында сабақ тат ауруына төзімділігін зерттеу әлем және Қазақстан бойынша өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жыл сайын
әлемнің бидай өндірісінде сабақ тат ауруынан өнім түсімі 10 % жуық кемиді. Республикамызда бидай өнімділігі бұл аурудан 10 % дейін, ал эпифитотиялық
жылдарда 30-40 % дейін төмендейді.
Қазақстанның солтүстігі мен шығысында сабақ татының дамуы жыл сайын орын алады. Сабақ тат ауруынан бидай өнімділігін сақтап қалуда егістік
алқаптарына дер кезінде фитосанитарлық мониторинг жүргізу, экологиялық таза, экономикалық тұрғыдан тиімді, әрі төзімділігі жоғары сорттарды шығару
және оларды өндіріске енгізу сияқты шаралардың маңызы өте зор. 2018 жылы Алматы обылысының бидай танабында сабақ тат ауруының таралуы орташа деңгейде болды, яғни 36,2 %-ды, дамуы 8,2 % құрады. Зерттеу нәтижесінде күздік бидайдың Стекловидная 24 (57,5 %), Қызыл бидай (59,2 %) және Сапалы (64,3 %) сорттары ауруға жоғары төзімсіздеп анықталады.
Еліміздің солтүстік аймақтарынның Қостанай облысында Карабалыкская 90, Казахстанская Раннеспелая, Карабалыкская 7 сорттарында ауру жоғарғы денгейде таралып дамыды, аурудың таралуы 74,1 %-ды, дамуы 26,7 % құрады. 

Загрузки

Опубликован

2021-05-19