ШӨП СЕБУГЕ АРНАЛҒАН СЕПКІШТІҢ ЕНГІЗГІШ БӨЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ КОНСТРУКТИВТІК ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІН НЕГІЗДЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1072Ключевые слова:
дискілі сіңіргіш; тұқымдарды енгізу тереңдігі; тарту кедергісі; конструктивтік параметрлер; тұқымдардың таралуының біркелкілігі.Аннотация
Осы мақалада қолданыста бар шөп себуге арналған сепкіштердің сіңіргіштеріне жасалған талдаудың және сіңіргіштердің жұмысының технологиялық үрдісінің анықталған кемшіліктерінің негізінде шөп себуге арналған сепкіштің енгізгіш бөлігінің конструктивтік және технологиялық параметрлері негізделді және ұсынылды. Дискілі сіңіргіштің конструктивтік параметрлері: дисктердің диаметрі 350 мм; дисктер арасындағы бұрыш α=100; дисктердің түйісу нүктесінің орналасуы β=400 және сіңіргіштің шылбырларының бұрышы γ=320.
Дискілі сіңіргіштің конструктивтік және технологиялық параметрлеріне және топырақтың физика-механикалық қасиеттеріне оның тарту кедергісінің теориялық тәуелділігі алынды. Шөп себуге арналған сепкіштің енгізгіш бөлігінің механизмін күштік талдау арқылы анықталды: дискілі сіңіргіш пен тығыздағыш дөңгелекке әсер ететін күштердің тұқымдарды енгізу тереңдігіне тәуелділігі, сонымен қатар тұқымдарды енгізудің берілген тереңдігін қамтамасыз ететін күштің шамасы.