ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЕШКІ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ

Авторы

  • Ногаев А.А С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Серікпаев Н.А «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1066

Ключевые слова:

шикізат конвейері; азықтық; құндылық; сүтті ешкілерді азықтандыру; өнімділік; мал азықтық дақылдар; далалық аймақ; сүтті ешкілер үшін мал азығы;

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысындағы ешкі шаруашылығының жағдайына талдау жасалған. 1950-2021 жылдар аралығындағы кезеңде шаруашылықтардың санаттары бойынша Қазақстан Республикасындағы ешкі басы санының динамикасы мен тұқымдық құрамының құрылымы, сүтті ешкілерді азықтандыру рационы, жыл бойы ешкілерді ұстау кезінде біржылдық және көпжылдық малазықтық дақылдардан консервіленген малазықтарды өндіру үшін Қазақстан Республикасы және Ақмола облысы бойынша жем-шөпке және егістік алаңдарына деген қажеттілік көрсетілген. Республиканың топырақ-климаттық аймақтарының ерекшеліктерін ескере отырып, табиғи жем-шөп ресурстарын ұтымды пайдалану негізінде ешкі шаруашылығы үшін ауқымды салымдарсыз шикізат конвейерлерін құру қажеттілігі негізделген. "Зеренді асыл тұқымды шаруашылығы" ЖШС-де ешкі сүтін және оның өнімдерін қайта өңдеп  өндіруге бағытталған сүтті ешкілерді жыл бойы толыққанды жем-шөппен қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ –нің жас ғалымдар жобасы бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері көрсетілген.

Биография автора

Серікпаев Н.А, «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

 Басқарма төрағасы

Загрузки

Опубликован

2022-06-14