ГЕНОТИПІ ӘРТҮРЛІ ЕТТІ БАҒЫТТАҒЫ ӨНДІРУШІ БҰҚАЛАРДЫҢ ӨСУ ГОРМОНЫ ГЕНДЕРІНІҢ ПОЛИМОРФТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Авторы

  • Н. Ж .Қажғалиев. – а.ш.ғ.к., доцент А.Б. Маханбетова – докторант Ә.С. Шәмшідін. - а.ш.ғ.к. Қ .Нүргүлсім. – докторант.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.36

Ключевые слова:

етті бағыттағы мал, көбеюі, өндіруші-бұқа, ДНҚ, соматотропин (GH)гені, кальпаин (CAPN1) гені, полиморфизм, ет өнімділігі, малды сұрыптау.

Аннотация

Мақалада генотипі әртүрлі етті бағыттағы өндіруші бұқалардың GH, CAPN1 өсу гормоны гендерінің полиморфтық қасиеті анықталып талдау нәтижелері баяндалған. Зерттеуге еттің мәрмәрлігіне әсер ететін ген ретінде өсу гомоны – самототропин (GH) және кальпаин (CAPN1) гендерін қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде сұрыптау үшін қажетті V аллелінің GH
гені локусында жоғары дәрежеде кездесу жиілігі (0,36) герефорд тұқымдарына тән, ал абердин-ангусс пен қазақтың ақбас тұқымларында аталмыш аллелдің сирек кездесетіні (0,11-0,22) анықталған. CAPN1 генінің
полморфтығы С және G аллельдері арқылы байқалды, абердин-ангусс және қазақтың ақбас тұқымдарында қажетті С аллелінің кездесу жиілігі (0,13-0,14) салыстырмалы бірдей шамада болса, ал төмен жиілік (0,08) -герефорд тұқымының өндіруші бұқаларында байқалған. Сұрыптау үдерісіне қажетті аллель иесі өндіруші бұқаларды кеңінен қолдану өз кезегінде олардың табында жылдам жиналуына әсер етіп, селекцияның экономикалық тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беретіні анықталды.

Загрузки

Опубликован

2021-05-19