ҚҰС САҢҒЫРЫҒЫНДА ТАРАЛҒАН ӨСІМДІКТІҢ ӨСУІН ҮДЕТКІШ МИКРОБТАР

Авторы

  • Науанова А.П биология ғылымдарының докторы, профессор 1

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.46

Ключевые слова:

құс саңғырығы, қалдықтарды утилизациялау, қордалау, тиімді микроағзалар, бидай, органикалық тыңайтқыш

Аннотация

Қазіргі кезде құс шаруашылығы қалдықтарын утилизациялаудың экономикалық және экологиялық тұрғыдан қарағанда ең тиімді әдісі болып қордалау саналады. Құс саңғырығын қордалау процесін тиімді микроағзаларды қолдану арқылы жақсартуға болады. Бұл технология тек қорданы дайындау мерзімін қысқартып қана қоймайды, сонымен қатар топыраққа енгізгеннен кейін өсімдіктің қоректенуіне, өсіп, дамуына оңтайлы жағдай туғызады. Мақалада бройлер тауықтардың құс фабрикасынан жаңа шыққан саңғырығынан бөліп алынған микроағзалар жайлы мәлімет берілген. Жаңа шығарылған құс саңғырығында азоттың минералдық формаларымен қоректенетін микроағзалардың саны 3 468,0 - 9 446,0 мың. КТБ/мл
аралығында болатыны анықталды. Бройлер құс саңғырығында актиномицеттер саны 1 434,0 мың. КТБ/мл аспады, бұл құс саңғырығы азоттың органикалық формасына бай екенін көрсетеді. Құс саңғырығынан бөліп алынған кейбір штамдардың метаболиттері бидай дәнінің өнгіштігін 10-17%-ға арттырса, тамыршаларының ұзындығын бақылау нұсқасына
қарағанда 50%-дан артық ұзартуға қабілетті екенін көрсетті. Скрининг нәтижесінде бидай өсімдігінің өсуін үдетуге қабілетті микроағзалар штамдары таңдап алынды. Болашақта биологиялық препараттар жасауға арналған бидай өсімдігінің өсуін үдететін микроағзалардың РМ 88В, РМ 93В, РМ 90В, РМ 80В және РМ 86В штамдары Мемлекеттік микроағзалар  коллекциясында депонирленді. Аталмыш штамдар ауылшаруашылығында қалдықтарды қордалауға және өсімдіктің өнімділігін арттыруға арналған биопрепараттар жасауға қолданылатын болады.

Загрузки

Опубликован

2021-05-19