ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА БИООРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ КҮҢГІРТ ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ЖӘНЕ ҚАРБЫЗДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН САПАСЫНА ӘСЕРІ

Авторы

  • Кенжегулова С.О С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Серикбай М С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Айтбаева А.Т «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1042

Ключевые слова:

биоорганикалық тыңайтқыштар; топырақ; құнарлылық; қарбыз; өнімділік; биохимиялық көрсеткіштер.

Аннотация

Берілген мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысыжағдайында биоорганикалық тыңайтқыштардың күңгірт қара-қоңыр топырақтың құнарлылық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу әр түрлі биоорганикалық тыңайтқыштар қолданылған нұсқалардың топырақ құрамындағы қоректік элементтері (NPK) деңгейі арқылы, ал қарбыздың өнімділігіне әсері, тәжірибелік нұсқалардың  жалпы өнімділік көрсеткіштері мен сапалық құрамы бойынша анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша биоорганикалық тыңайтқыштардың зерттеу танаптары топырақ құнарлығы көрсеткіштеріне оң әсерін тигізетіні белгіленді. Макроэлементтердің жылжымалы формаларының ең жоғары көрсеткіштері топыраққа 40 т/га мөлшерінде шірінді көң, 15 т/га мөлшерінде биогумус және 5,0 т/га мөлшерінде құс саңғырығын бергенде жинақталғаны анықталды.

Биоорганикалық тыңайтқыштар қарбыз дақылының өнімділігін арттырды. Бақылау нұсқасымен салыстырғанда, өнімділік 15,6%-дан 34,34%-ға өсті. Биологиялық тыңайту жүйесінде қарбыз дақылының сапалық көрсеткіштері жақсарып, жемістердің құрамындағы құрғақ заттар, жалпы қанттылық пен аскорбин қышқылы көбейді.

Загрузки

Опубликован

2022-06-10