КҮЗДІК БИДАЙ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ҚАТТЫ ҚАРА КҮЙЕГЕ (TILLETIA CARIES (DC.). TUL) ТӨЗІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ

Авторы

  • Бакиров С.Б Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Ғалымбек К Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
  • Маденова А.К Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  • Сафарова Н Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
  • Амангельдинова М.Е Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  • Амангельдинова А.М Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1041

Ключевые слова:

бидай; фитопатология; инокуляция; қатты қаракүйе; индекс биомасса; төзімді гендер; селекция.

Аннотация

Күздік бидай үшін аса қауіпті аурулардың бірі қатты қара күйе, оның қоздырғышы Tilletia caries (DC.). Tul. Қатты қара күйемен залалданған бидайдың сапасы күрт төмендеп кетеді  тіпті ол мал азықтық жем шөп ретінде де пайдалануға жарамсыз болып қалады. Қатты қара күйе аурумен күресудің ең тиімді әдісі генетикалық қорғану, ол қатты қара күйеге төзімді бидай үлгілерін өндіріске енгізуге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының мақсаты қатты қара күйенің Tilletia caries (D.C.). Tul. патогеніне бидай үлгілерін сынап, төзімділерін іріктеп алу. Зерттеу жұмысының барысында мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер алға қойылды. Олар: Tilletia caries (D.C.) Tul. & C. Tul  патогенімен бидайды инокуляциялауда А.И. Борггардта-Анпилогованың әдісі қолданылды, Green Seeker (Trimble Navigation Limited, USA) – аппараты арқылы өсімдіктің биомассасының индексі өлшенді (NDVI – Normalized Difference Vegetative Index). Бидай үлгілерінің қатты қара күйеге төзімділігін бағалауда М. Қойшыбаев шкаласы қолданылды. Зерттеу материалы ретінде румыниялық бидайлардың 10 үлгісі алынды. Инокуляция үшін Алматы облысының егіс алқаптарынан жинап алынған  Tilletia caries (D.C.). Tul. споралары қолданылды. Зерттеу нәтижесінде ауруға жоғары төзімді деп 7 бидай үлгісі ерекшеленді. Олар: F08245G1, PARTNER, F08347G8, F06393GP10, RETEZAT және F07270G2. Зерттеуде қарастырылған бидайлардың ішінде 6 үлгінің индекс биомасса көрсеткіштері жоғары екендігі анықталды.

Загрузки

Опубликован

2022-06-10