TRICHINELLA SPIRALIS ЭКСКРЕТОРЛЫ-СЕКРЕТОРЛЫ ЖӘНЕ СОМАТИКАЛЫҚ АНТИГЕНДЕРІН АЛУ ЖӘНЕ АНТИГЕНДІК ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ

Авторы

  • Акибеков О.С С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Жағипар Ф.С С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Сыздыкова А.С С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Гаджимурадова А.М С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Аканова Ж.Ж С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1035

Ключевые слова:

Trichinella spiralis; трихинеллез; дернәсіл; экскреторлы-секреторлы антиген; соматикалық антиген; балау; ИФТ.

Аннотация

Трихинеллез қазіргі күнге дейін жануарлар мен адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіруде. Паразиттің толық зерттелуіне қарамастан, оның дернәсілдері организге енгенде, яғни бастапқы ішек сатысы кезінде ерте балау әдістері оны анықтауға мүмкіндік бермейді. Иммунды ферментті талдау әдісі көмегімен 2-4 аптадан кейін жұқтырылған паразитті анықтауға болады, бұл кезде ересек дернәсілдер бұлшықетте капсуляциялануы мүмкін. Қазіргі кезде экскреторлық-секреторлық және соматикалық антигендерді қолдану арқылы ИФТ әдісімен балау ең тиімді болып табылады. Осы зерттеулерімізде жабайы жануарлардың ұшаларынан бөлініп алынған Trichinella spiralis-тің кең таралған түрлеріне экскреторлық-секреторлық және соматикалық антигендер алынды. Электрофорез нәтижесінде ЭС-Аг-нің молекулалық салмағы 45-тен 100 кДа және молекулалық салмағы 25-тен 300 кДа-ға дейінгі С-Aг ақуыздық құрамы анықталды. Иммуноблот әдісі көмегімен эксперименттік жолмен жұқтырылған жануарлардың қан сарысуының иммуноглобулиндерімен байланысатын 15 кДа экскреторлық-секреторлық және 300 кДа соматикалық антигеніне телімді балау құндылығы жоғары ақуыздық фракциялары анықталды. ИФТ нәтижесінде алынған антигендерге телімді антиденелердің болуы анықталып, T. spiralis капсуланған дернәсілдерімен ауырған қояндардың тобында 14-ші күннен бастап телімді антиденелердің айқын жоғарылауы байқалды. Алайда, 70-ші күні антидене титрі айтарлықтай төмендеді, бірақ 1:800-ден 1:12 800-ге дейін жоғары диапазонда қалды. Осылайша, экскреторлы-секреторлы антигенді қолдану инвазиялық кезеңнің 14-ші күннен бастап инвазияның болуын анықтауға мүмкіндік береді.

Загрузки

Опубликован

2022-06-08