ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЛЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДЖА ИНДУСТРИАЛДЫ ЖАҒДАЙДА КӨКСЕРКЕ БАЛЫҒЫНЫҢ ОТЫРҒЫЗЫЛАТЫН БАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАСАНДЫ ҰДАЙЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨСІРУДІҢ КЕЛЕШЕГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1032Ключевые слова:
көксерке; өндірушілер; уылдырық шашу; ұяшықтар; уылдырық; Амур аппараты; инкубация; дернәсіл; шабақ; осы жаздық шабақ; ТЖҚАннотация
Зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің (Грант № BR10264236) қаржылық қолдауымен жүргізілді. Мақалада ҚР балық өсіру шаруашылықтарында индустриалдық жағдайда көксерке балығының осы жаздық шабақтарын жасанды өндіру және өсіру жайлы мәліметтер келтірілген. ТЖҚ орнатылған уылдырық шашу ұяшықтарына көксерке балығының өндірушілерінің уылдырық шашуының биотехникалық әдістерінің нәтижелері жазылған. Ұдайы өндіріске қатыстқан аналықтар мен аталықтардың көлемі анықталды. Көксерке балығының уылдырықтарын инкубациялау нәтижелері көрсетілді. Абиотикалық факторлардың динамикасы және олардың көксерке балығының ұдайы өндірісіне әсері келтірілген. Тұйық жүйелі қондырғыларда (ТЖҚ) «Aller Aqua» фирмасының бахтах балықтарына арналған жасанды жемдерді беру арқылы өсірілген көксерке балығының осы жаздық шабақтарының өсімі сипатталған. Осы жаздық шабақтарды әртүрлі сатыда өсіру барысындағы массалық үлесінің коэффициенті мен өсу қарқынының мәні анықталды. Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтарында индустриалдық жағдайда көксерке балығының осы жаздық шабақтарын жасанды ұдайы өндіру және өсірудің негізгі мүмкіншіліктері жайлы айтылған.