ОРТА ТҰЗДЫ ЖАҒДАЙДА МАҚТАНЫҢ ШЕТЕЛДІК СҰРТТАРЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЫНАУ

Авторы

  • Асабаев Б.C "Мақта және бақша ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖСШ
  • Махмаджанов С.П "Мақта және бақша ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖСШ
  • Тағаев А.М "Мақта және бақша ауылшаруашылығы  тәжірибе станциясы" ЖСШ
  • Дәуренбек Н.М "Мақта және бақша ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖСШ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1031

Ключевые слова:

Мақта; шетелдік сорттар; талшық ұзындығы; талшықтан шығу; вегетациялық кезең; егін жинау; микронейр.

Аннотация

Біздер 2018-2020 жылдар арасында 10 орта талшықты мақтаның шетелдік сортын сынау бойынша тәжірибелер жүргіздік. Егілген шетелдік селекциялық тұқымды сорттар бойынша Қытайдан 7 сорты 16-01, 16-02, 16-03, 16-04, 16-07, 16-08, 16-09 сериялары; Израильдың Гедера 1 сорты; Өзбекстанның 2 сорты – Бұхара 6 және АН-Баяут, ал бақылау сорты үшін Түркістан облысы бойынша бекітілген сорттар тізіміне енгізілген  М-4007 отандық сорт алынды.

Шетелдік селекция сорттарын сынау барысында мыналар зерттелді: вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, себілгеннен бастап 50% жетілуге ​​дейінгі күндер саны; 1 гектардан өнімділік; бір қауашақтың орташа салмағы; талшықтан шығымы; талшық ұзындығы. Шетелдік селекциялық мақтаның 10 сорттарын сынау барысында, оларды М-4007 стандартты сортымен салыстыру негізінде, вегетациялық кезеңмен салыстырғанда, өзбекстан селекциясының 2 сорты Бұхара – 6 -124 күн, Ан – Баяуут – 125 күн екені анықталды. Өнімділігі бойынша Бұхара – 6, 16-07, Ан – Баяут сорттары аталды. Бір қауашвқтың орташа салмағы туралы мәліметтерді өңдеу көрсеткендей, стандартты сорттан, Бұхара-6, Ан - Баявут, 16 - 08, 16 - 07,  16 – 04 сияқты  5 сортында 0,1-0,3 грамға артық байқалды.

Өнімділігі жоғары көрсеткіштері бойынша Бұхара 6 сорт – 44,5 ц/га, 16-07 – 44,6 ц/га, Ан-Баявут – 45,6 ц/га болды.

Талшық шығымы бойынша ең жоғары көрсеткішті Ан-Баяут – 39,8%, Гедера – 38,9% сорттары болды Талшықтың ұзындығы бойынша,  Бұхара сортының стандарт деңгейінде екенін көрсетті, ал сыналған сорттары, бұл көрсеткіш бойынша М-4007 стандартты сортынан төмен болды. Шетелдік селекцияның сыналған сорттарының барлық көрсеткіштері орташа талшықты мақта түрлері үшін жақсы болады. Белгілі бір сипаттамаларға сәйкес сорт үлгілері өсіру процесінде одан әрі нақтылау арқылы олардың әлеуетін арттыра алады.

Загрузки

Опубликован

2022-06-08