ЛАЙЛЫ ТҰНБАЛАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ КОНЦЕНТРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАЙЛЫ ЗЫҒЫР ТҰҚЫМДАРЫНА ФИТОУЫТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨСІМІН ЫНТАЛАНДЫРУ ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУ

Авторы

  • Бостубаева М.Б С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Науанова А.П С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1030

Ключевые слова:

ағынды сулардың лайлы тұнбалары; органикалық тыңайтқыштар; фитотоуыттылық; майлы зығыр; тест-өсімдік

Аннотация

Лайлы тұнбаларды ағынды суларды тазарту құрылыстарының аймағында, полигондарда үлкен көлемде сақтау және көму салдарынан ол жерлер патогендік микроағзалардың көбеюіне қолайлы, жағымсыз иістердің таралу орталығына айналып, жер асты және жер үсті суларының, іргелес аумақтардың топырақтарының қарқынды ластануына әкеледі. Алайда лайлы тұнбалар құрамында азот, фосфор, калий және әр түрлі микроэлементтері бар бағалы органикалық тыңайтқыш болып табылады. Тиісті өңдеуден кейін лайлы тұнбаларды территорияларды, жол бойларын көгалдандыру мен абаттандыруға, бұзылған жерлерді қалпына келтіруге пайдалануға болады. Мақалада ағынды су тұнбаларының фитоуыттылығын биологиялық бағалаудың бірінші кезеңі туралы мәліметтер келтірілген. Тест – өсімдік ретінде майлы зығыр қолданылды. Фитоуыттылықты тексеру әдістемесі таңдалған өсімдіктердің тұқым өнуінің көрсеткіштерін, өсу энергиясын, тамыр мен өскіннің орташа ұзындығын өлшеуге негізделген. Тұқымдар лайлы тұнбаның сулы сығындысының әр түрлі концентрацияларымен өңделді. Бақылау үлгісі ретінде зарарсыздандырылған су пайдаланылды. Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, лайлы тұнбаларды тыңайтқыш ретінде енгізуді әрі қарай зерттеу үшін оңтайлы доза 5% дейінгі мөлшерді таңдауға болады. Лайлы тұнбаның өсуді ынталандыратын қасиеттері бар: лайлы тұнба концентрациясы 2,5% болғанда, өскіндердің орташа ұзындығы 22%, тамырдың орташа ұзындығы бақылау үлгісіне қарағанда 55% ұзын екендігі анықталды.

Загрузки

Опубликован

2022-06-07