ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ОХМК» ЖШС-НІҢ ГЕНДІК ҚОР ТОПТАМАСЫН ТОЗАҢДАРДЫҢ ҰРЫҚТЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕТІН-АТАЛЫҚ ЖЕЛІСІМЕН ТОЛЫҚТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1014Ключевые слова:
күнбағыс; өздігінен тозаңданатын желі; гендік қор; тозаңның ұрықтылығын қалпына келтіретін желі; гербицидке төзімділік; фенотип; гибрид.Аннотация
«Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» 267 бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2021 жылы «ОХМК» ЖШС (майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы) базасында «Күнбағыстың гендік қорын сақтау, қолдау, ақпараттық деректер базасын құру» жобасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді, оның мақсаттарының бірі тозаңдардың ұрықтылығын қалпына келтіретін гендік қор топтамасын аталық желілермен толықтыру болатын.Классикалық және арнайы мақсаттағы күнбағыстың өздігінен тозаңданатын желілері зерттеу нысаны болды. Күнбағыс тозаңының ұрықтылығын қалпына келтіретін өздігінен тозаңданған желілерді бағалау морфологиялық және сапалық көрсеткіштер бойынша жүргізілді, атап айтқанда – вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, 1000 дана тұқым массасы, қауызының пайыздық құрамы (қабықтығы), тұқымның майлылығы, сондайақ тұқымның толықтығы.
Егістікте жаппай гүлду кезеңінде және егін жинау алдында зерттелетін желілерге фитопатологиялық бағалау жүргізілді.Қазіргі уақытта «ОХМК» ЖШС-гі күнбағыстың аталық желілерінің гендік қорының топтамасында 460 желі бар. 2021 жылы топтамаға классикалық будандарды алу үшін тағы 5 тұрақты желі және гербицидке төзімді будандарды алу үшін 3 Rf желісі берілетін болады. Жұмыстың өзектілігі күнбағыстың генетикалық әлеуеті толық пайдаланылмайтындығына байланысты, сондықтан осы дақылдың гендік қорын қалыптастыру және ары қарай селекциялық зерттеулер жүргізу үшін күнбағыстың топтамалық үлгілерінің биологиялық және экономикалық белгілері мен қасиеттерін зерттеу маңызды міндет болып табылады.