ТАБЫНДЫ ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ АСҚАЗАН-ІШЕК ГЕЛЬМИНТТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ТАРАЛУЫ

Авторы

  • Лидер Л.А С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Мұханбеткалиев Е.Е. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Ақмамбаева Б.Е. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Сеитқамзина Д.М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Үсенбаев А. Е. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1013

Ключевые слова:

жылқылар; Қазақстан; Strongylata spp.; Parascaris equorum; Anoplocephala spp.; Oxyuris equi; Strongyloides westeri.

Аннотация

Мақалада Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарындағы жеті шаруашылықта ішек гельминттеріне үш жас тобына жататын 366 табын жылқының копроскопиялық зерттеулерінің нәтижелері берілген. Гельминттер фаунасын Nematoda класына жататын Strongylata қатар тармағы, Parascaris equorum, Schrank, 1788, Oxyuris equi, Schrank, 1788, Strongyloides westeri, Bavay, 1876 түрлері, сондай-ақ, Cestoda класына жататын Anoplocephala, Blanchard, 1848 туысы құрайтыны анықталды. Барлық аймақтардағы 100% жануарлар жоғары деңгейдегі инвазия интенсивтілігімен (ИИ) – бір г нәжіске келетін жұмыртқалар саны 1315±385 – Strongylata spp. түрлерімен залалданғаны анықталды. Оңтүстік өңір жылқыларының P.equorum түрімен залалдану деңгейі инвазия экстенсивтігі (ИЭ) бойынша 23,4% және ИИ бойынша 135±25 жұмыртқа/г болды; елдің шығыс бөлігінде, сәйкесінше, – 35,8% және 200±25 жұмыртқа/г; солтүстік облыстарда – 23,4% және 220±65 жұмыртқа/г болды. Республиканың оңтүстігінде жануарлардың O.equi залалдануы ИЭ бойынша 41,0% және ИИ бойынша 140±50 жұмыртқа/г болды; шығыста, сәйкесінше, 34,9% және 400±70 жұмыртқа/г; ал солтүстікте – 6,3% және 180±50 жұмыртқа/г болды. Оңтүстік аймақта жылқылардың Anoplocephala spp. залалдануының ИЭ 24,1% және ИИ 65±35 жұмыртқа/г жетті, ал шығыста, сәйкесінше, – 23,1% және АИ 115±40 жұмыртқа/г болды. Қазақстанның оңтүстігінде Strongyloides westeri, Bavay, 1876 түрі инвазия экстенсивтілігі бойынша 35,5% және инвазия интенсивтілігі бойынша бір г нәжісте 108±25 жұмыртқа көрсеткіштерімен жылқыда алғаш рет сипатталды. Жылқының бірнеше нематода түрлерімен залалдануының жоғары дәрежесі осы түлік паразитоздарымен күресудің тиімді аймақтық шараларын әзірлеуді талап етеді.

Загрузки

Опубликован

2022-09-01