СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТІК ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ ПІШІНДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА КЛИМАТТЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1011Ключевые слова:
Егістік кешендері; тік жылыжайлар; климатология; күн радиациясы; жасанды жарықтандыру; қоршау конструкциялары; ауа ылғалдылығы.Аннотация
Мақалада тік жылыжайлардың пішініне және кеңістіктік-жоспарлау шешімдеріне климаттық факторлардың әсерлерін зерттеу, сонымен бірге күн энергиясын оңтайлы пайдалану және жылыжай ішін жасанды жарықтандыру мәселелері қарастырылды.Солтүстік Қазақстан облысының аудандары тәуекелді шаруашылық санатына жататындықтан, маусымаралық кезеңде жергілікті халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешу жылыжайлардың ашық түрімен бірге, жабық түрлерін де жобалауды және салуды талап етеді. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін жылыжайларды ұтымды орналастыруды, олардың ішкі кеңістіктерін тиімді ұйымдастыруды және климаттық факторлардың әсерлерін ескере отырып, ғылыми негізделген принциптер мен ұсыныстар әзірленіп, көкөніс шаруашылығына арналған кәсіпорындар құрылысын жобалау бойынша ғылыми-тәжірибелік зерттеулер жүргізілді.