ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1010Ключевые слова:
Селекция; мақта; сорт; солғынға төзімділік; гоммоз; тұзға төзімділік; таңдау.Аннотация
Ауылшаруашылығы өсімдіктерінің гендік қорларын сақтау және ұтымды пайдалану, атап айтқанда, мақта сорттарының қарқынды типтерін және тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті басқару принциптерін әзірлеу, мақта шаруашылығы саласындағы генетика мен селекцияны жұмыс жүргізіп ғалымдардың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешу барысында әртүрлі әдістермен алынған сорттар мен линияларды будандастыру, сонымен қатар ата-аналық жұптарды таңдау әдісі кеңінен қолданылады. Мақта – факультативті өздігінен тозаңданатын өсімдік, оның биологиялық сезімталдығы популяцияның генетикалық құрылымына, популяция гомеостазына, сондай-ақ нақты өсу жағдайында табиғи және жасанды сұрыптауға байланысты болады. Мақтаның ішкісорттық шағылыстыруы өсімдіктердің тіршілігін арттырудың, қарқынды өсу мен дамуға ықпал ететін, бірінші және белгілі бір дәрежеде кейінгі ұрпақтарда гетерозис қуатын арттырудың қуатты факторларының бірі екендігі де атап көрсетілген. G.Hirsutum L. және G. Barbadense L. мақтаның сандары, сорттары бойынша, шетелдік сорттық үлгілерінің солма ауруына төзімділігі анықталды. Мақтаның вегетациялық кезеңі 115-120 күн, бір қауашақ мақта салмағы 6,2-6,6 г, талшық шығымдылығы 38,5-40,8%, өнімділігі 40,0-45,0 ц/га және талшық сапасы IV-V типті, мақтаның генетикалық селекциялық жұмыстағы бірегей материалдар болып табылатын, алғаш рет мақтаның ерте пісетін, солма ауруына төзімді, өнімділігі жоғары мақта сорттары шығарылды. Донорлық сорттар жеке параметрлері бойынша да гендердің құнды аддитивті әсерлерін тасымалдаушылар ретінде анықталды, бұл үлкен генетикалық және селекциялық маңызы бар болып саналады. Зерттелетін сорттардың генетикалық айырмашылықтары көрсетіліп, қоршаған ортаның экстремалды жағдайларына төзімді генотиптердің болуы анықталды. Мақтаның құрылатын линиялары мен сорттары болашақта одан әрі генетикалық және селекциялық жұмыстардың бастапқы материалы болады.