ЦЕОЛИТТІ-ХЛОРЕЛЛАЛЫ ПРЕМИКСТІҢ САУЫН СИЫР АЗЫҒЫНЫҢ КОНВЕРСИЯЛАНУЫНА ӘСЕРІ

Авторы

  • Исмайлова А.Ж С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Нусупов А.М С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Кожебаев Б.Ж Шәкәрім атындағы университеті
  • Шайкенова К.Х С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Омаркожаулы Н С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).1006

Ключевые слова:

сиыр; азық; рацион; цеолит; қорытылу; конверсия; премикс.

Аннотация

Сиыр сүтін өндірудегі жалпы шығындардың басым бөлігі азықтар мен азықтандыру шығындарының үлесіне тиетіндіктен, азықтандыру рационы қоректілігін арттырып,  сүт түзуге жұмсалатын азық шығынын азайту саланың өзекті мәселесі болып табылады. Ғылыми-шаруашылық тәжірибеде сауын сиырлар азықтандыру рационына 28-29% цеолиттен, 1,5-2% хлорелла ұнтағынан, 75-76% күнбағыс күнжарасынан тұратын цеолитті-хлорелалы премикстіқосудың азық конверсиялануына әсері зерттелді. Бұл құрамдағы премикс қосындысы сауын сиырлар рационының минералды-дәруменді қоректілігін жоғарылатып, желінген азық энергиясы мен қоректік заттарының сүт түзуге тиімділігін арттырды. Тәжірибе тобы сиырларының рацион құрғақ затын сауымның шыңындағы 3-ші айында бақылау тобы сиырларымен салыстырғанда - 0,40±0,1 кг-ға, ал орташа тәуліктік сүт сауымы - 1,96±0,14 кг-ға жоғарылады және бақылау тобы сиырларының сүтімен салыстырғанда олардың сүтінің сапасы жақсарып; ақуыз мөлшері - 3,12±0,02-ден 3,36±0,06 %-ға, майы - 3,99±0,02-ден 4,03±0,06 %-ға артып, соматикалық жасушалар саны - 352±57-нен 336±27 мың/мл-ге дейін төмендеді. Сиыр рационы алмасу энергиясының - 2,1%, азық өлшемінің - 4,0%, протеинінің - 2,1% артуы, сүт өндіруге жұмсалатын азықтар шығынын төмендетті.

Загрузки

Опубликован

2022-06-03