Журналдың редакциялық саясаты

Еуразиялық агротехникалық журнал - аграрлық ғылымының өзекті зерттеулерінің кең ауқымы бойынша түпнұсқа мақалалар жариялайтын рецензияланатын ғылыми журнал.

Журналдың мақсаты - ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи теориялық және практикалық ғылыми зерттеулерді жариялау, рецензияланған ғылыми жарияланымдарға ашық қол жеткізу саясатын жүргізу, ақпараттық ғылыми алмасуды жақсартуға ықпал ету, жұмыстарға дәйексөз келтіруді және сәйкесінше журналда жарияланған авторлардың ғылыми қызметінің нәтижелілігін арттыру.

Негізін қалаушы: " С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ

Журналдың тақырыптық бағыты:
Ауыл шаруашылығы ғылымдары:
1. Агрономия
·         Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы
·         Өсімдік шаруашылығы
·         Егіншілік
·         Топырақтану
·         Агрохимия
·         Өсімдіктерді қорғау және карантин
·         Жеміс-көкөніс шаруашылығы
2. Орман шаруашылығы
·         Ормантану және орман өсіру
·         Аңшылықтану
·         Балық шаруашылығы
3. Мал шаруашылығы
·         Ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру, селекциялау және генетикасы
·         Ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру және жемшөп технологиясы
4. Агроинженерия
·         Аграрлық техника және технология
·         Ауыл шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру
·         Агроөнеркәсіптік кешенді энергиямен қамтамасыз ету
5. Жерге орналастыру, кадастр және жер мониторингі
6. Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы

Еуразиялық агротехникалық журнал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылады.

Журнал тоқсан сайын шығарылады.
Қолжазбаларды қабылдау мерзімдері:
I тоқсан – 10 ақпанға дейін;
II тоқсан – 10 мамырға дейін;
III тоқсан – 10 тамызға дейін;
IV тоқсан – 10 қарашаға дейін.
Редакцияға келіп түсетін қолжазбалар санына байланысты редакция қолжазбаларды қабылдау мерзімін қысқартуға немесе ұзартуға құқылы.
Мақалаларды жариялау мерзімдері:
№ 1 шығарылым – 15 сәуірге дейін;
№ 2 шығарылым – 15 шілдеге дейін;
№ 3 шығарылым – 15 қазанға дейін;
№ 4 шығарылым – келесі жылдың 15 қаңтарына дейін.

Жариялау шарттары

Журналда жариялау үшін журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және Авторларға арналған нұсқаулықта сипатталған қолжазбаны ресімдеу талаптары бойынша қатаң ресімделген автормен (авторлармен) бұрын жарияламаған мақалалар қабылданады.

Ғылыми мақаланың қолжазбасын журналдың редакциясына корреспондент автормен ұсынылады. Журналда жариялауға түйінді және әдебиеттер тізімін есепке алмағанда түпнұсқа (кемінде 11 000 бос орынсыз белгі) және шолу (20 000 бос орынсыз белгі) көлеміндегі қолжазбалар қабылданады. Қолжазба Open Journal System онлайн платформасы арқылы корреспондент автормен мақаланың барлық метадеректерін және оның авторларын көрсетілуімен жүктелуі қажет. Редакция, корреспондент автор және рецензенттер арасындағы байланыс көрсетілген онлайн-платформа арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші және/немесе корреспондент автордан бір шығарылымға бір мақала қабылданады, екінші мақалада бірлескен автор ретінде.

Авторлар зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, жаңалығы, дәлелі үшін жауапты.

Плагиатқа және басқа жерден алынған мәтінге тексеру

Қолжазбаны ресімдеу талаптарына сәйкестігін тексеру барысында редакция Oysyn.asia жүйесін пайдалана отырып, мәтіндегі дәйексіз алынған материалдардың (мәтіндік сәйкестіктердің) бар-жоғын тексереді. Қолжазбалар мәтіндік ұқсастықтарға тексеріледі, ал жариялау туралы шешім белгіленген ұқсастық пайызына емес, тексеру нәтижелерін сапалы бағалау негізінде қабылданады.
Басқа авторлардың жұмыстарының нәтижелерін атап өту бастапқы дереккөздерге сілтемелермен сүйемелденіп, әдебиеттер тізіміне енгізілуі тиісті. Бұрын бір жерде жарияланған мәтінге сілтеме бастапқы дереккөзді міндетті түрде көрсете отырып, тікелей сөйлеу ретінде жасалуы керек. Қолжазбаға басқа жерден алынған мәтіннің үлкен бөліктерін қосуға жол берілмейді.

Плагиат немесе өзін-өзі плагиат фактісін анықталған жағдайда, мақала жарияланған болса да, қайтарып алынады (Мақалаларды қайтару тәртібін қараңыз).

Генеративті жасанды интеллектті (ГЖИ) пайдалану саясаты

Ғылыми мақалаларды дайындау барысында генеративті жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданудың артуы авторлық, ашықтық және ғылыми коммуникацияның академиялық адалдығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударуды талап етеді.
Авторлар қолжазбаны дайындау кезінде генеративті ЖИ құралдарын пайдаланғаны туралы ақпаратты міндетті түрде көрсетуі тиіс. Бұл ақпарат «Материалдар мен әдістер» бөлімінде (немесе қолжазбаның басқа тиісті бөлімінде) ЖИ қолданудың мақсаты мен көлемін нақты көрсете отырып берілуі қажет. Ашықтықты қамтамасыз ету және ғылыми жарияланымдарға деген сенімді сақтау мақсатында бұл ақпарат мақала мәтінімен бірге жарияланады.
Жасанды интеллект құралдарын пайдалану авторлық құқыққа негіз болмайды. Жасанды интеллект жүйелері немесе бағдарламалық қамтамасыз ету қолжазбаның авторы ретінде көрсетілмеуі тиіс. Қолжазбаның мазмұнына, дәлдігіне және ғылыми адалдығына толық жауапкершілік тек авторларға жүктеледі.
Журнал редакциясы редакциялық қарау және рецензиялау барысында генеративті ЖИ құралдарын пайдаланудың орындылығы мен негізділігін әрбір қолжазба бойынша жеке бағалау құқығын өзіне қалдырады.

Рецензиялау тәртібі

Рецензиялау құпия болып табылады (журналда қос "соқыр" рецензия қабылданған). Рецензент туралы ақпарат авторлар үшін жасырын болып табылады және тек редакция мен редакция алқасына қол жетімді. Журналдың бас редакторы қолжазба журналдың тақырыбына және ресімдеу талаптарына сәйкес келген кезде оны ғылыми редакторға алдын ала рецензиялауға жібереді, ол қолжазбаның ғылыми мазмұнын тексереді және мақала тақырыбы бойынша ғылыми мамандандырылуы ең жақын болып табылатын 2 (екі) рецензентті тағайындайды. Рецензент ретінде қарастырылып отырған қолжазбаның тақырыбы саласында маманданған журналдың редакциялық алқасының мүшесін тағайындауға жол беріледі. Рецензиялау мерзімі 15 күнді құрайды, алайда қажет болған жағдайда объективті рецензия алу мақсатында ұзартылуы мүмкін. Рецензияланған қолжазбаның авторына рецензиямен танысуға мүмкіндік беріледі. Егер рецензияда мақаланы пысықтау бойынша ұсыныстар болса, редактор оны авторға қолжазбаны пысықтау кезінде оларды ескеру ұсынысымен немесе рецензенттің ескертулерін дәлелді (ішінара немесе толық) түрде жоққа шығару үшін жібереді. Рецензенттің ескертулері ескерілген мақаланың қайта қаралған нұсқасы қосымша рецензиялау үшін сол рецензентке жіберіледі.
Қолжазбаны қабылдау немесе қабылдамау туралы түпкілікті шешімді бас редактор қабылдайды. Авторлар редакцияға негізделген өтініш жолдау арқылы редакциялық шешімге шағымдануға құқылы. Апелляциялар бас редактор немесе редакциялық алқаның тәуелсіз мүшесі тарапынан қаралады.

Авторлық құқық және лицензиялау саясаты

Авторлар өз мақалаларына авторлық құқықтарын сақтайды. Авторлық құқық журналға, баспаға немесе редакцияға берілмейді.

Еуразиялық агротехникалық журналда жарияланған барлық мақалалар *Creative Commons Attribution 4.0 International (CC BY 4.0)* лицензиясының шарттары негізінде таратылады.

CC BY 4.0 лицензиясына сәйкес пайдаланушылар жарияланған материалдарды кез келген нысанда немесе форматта, оның ішінде коммерциялық мақсаттарда, көшіруге, таратуға, көрсетуге, қайта шығаруға, қайта өңдеуге, бейімдеуге және өзге де тәсілдермен пайдалануға құқылы. Бұл ретте авторға (авторларға) және бастапқы дереккөзге тиісті сілтеме жасалуы, лицензияға сілтеме берілуі және түпнұсқа материалға енгізілген кез келген өзгерістер көрсетілуі тиіс.

Журнал CC BY 4.0 лицензиясында көзделген шектеулерден басқа жарияланған материалдарды пайдалануға немесе қайта пайдалануға қатысты қандай да бір қосымша құқықтық немесе технологиялық шектеулер белгілемейді.

Жариялауға келісім бере отырып, авторлар Еуразиялық агротехникалық журналға мақаланы жариялауға және журналды бастапқы баспагер ретінде көрсетуге құқық береді. Бұл рұқсат авторлық құқықтың берілуін немесе журналға не баспаға айрықша баспа құқықтарының берілуін көздемейді.

Авторлар өз мақалаларының ұсынылған, қабылданған және жарияланған нұсқаларын институционалдық және пәндік репозиторийлерде, жеке немесе институционалдық веб-сайттарда, академиялық желілерде және басқа да заңды платформаларда эмбарго мерзімінсіз орналастыруға, мұрағаттауға, таратуға және қолжетімді етуге құқылы. Жарияланған нұсқаны орналастырған кезде журналдағы бастапқы жарияланымға және оның DOI нөміріне сілтеме жасау ұсынылады.

Мақала құрамына енгізілген және үшінші тұлғаларға тиесілі, осы мақаланың CC BY 4.0 лицензиясымен қамтылмаған материалдар тиісті авторлық құқық және лицензиялау туралы ақпаратпен бірге нақты белгіленуі тиіс.