Еуразиялық агротехникалық журнал – ауыл шаруашылығы ғылымының өзекті зерттеулерінің кең ауқымы бойынша түпнұсқа мақалалар жариялайтын рецензияланатын ғылыми журнал.

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғылым хабаршысы» (ISSN 2710-3757, 2079-939Х) журналының мұрагері болып табылады.

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелген: № KZ80VPY00141955, 16.02.2026 ж.

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізбесінің 2-тізіміне (№ 125 бұйрық, 19.02.2026 ж.) ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша енгізілген.

Журналдың барлық мақалалары келесі лицензия бойынша таратылады: Creative Commons Attribution 4.0 International (CC BY 4.0). Бұл лицензия авторлықты және дереккөзді дұрыс көрсеткен жағдайда материалды көшіруге, таратуға және өңдеуге, оның ішінде коммерциялық мақсатта пайдалануға да рұқсат береді.
Лицензия рұқсат ететін шектерде материалдарды пайдалануды шектейтін қосымша құқықтық шарттарды немесе техникалық шараларды қолдануға жол берілмейді.

ISSN  3135-2448 (online) 3135-243X (print)

Мерзімділігі: тоқсан сайын (жылына 4 рет).

Басылым тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Құрылтайшысы: «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ

NCSTE Nauka.kz Crossref DOI Science Index