ГАЖ технологиясын және RUSLE моделін пайдалана отырып, топырақ эрозиясын бағалау

Авторы

  • Унышева Н.К. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Макенова С.К. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Жагипарова Т.Т. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Татаринцев В.Л. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.2(125).1864

Ключевые слова:

топырақ эрозиясы; RUSLE моделі; ГАЖ; бедердің сандық моделі; ауыл шаруашылығы алаптар; құнарлы қабат.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Қазіргі таңда топырақ эрозиясы қоршаған ортаға көптеген зардабын тигізуде. Ауыл шаруашылығы саласында топырақ эрозиясы (жел және су эрозиясы) және антропогендік іс-әрекеттер топырақ деградациясына алып келіп, оның құнарлы қабатының жойылуына әсер етуде. Осыған орай, зерттеудің мақсаты геоақпараттық жүйелер мен RUSLE моделінің интеграциясы негізінде Ақмола облысы Есіл ауданының су эрозиясына шалдыққан жерлерінің жағдайын зерттеу.

Материалдар мен әдістер. Талдау барысында келесідей көрсеткіштер мен коэффициенттер қарастырылды: R – жауын-шашынның түсу мөлшері; К – топырақтың эрозияға төзімділігі коэффициенті; LS – еңістіктің ұзындығы мен тіктігін сипаттайтын коэффициенті; C – өсімдік жамылғысының факторы; P – эрозияға қарсы қолданылатын шаралар және басқада көрсеткіштер қолданылды.

Нәтижелер. Талдаудың нәтижесі бойынша, аудандағы топырақтың құнарлы қабатының шайылуы орташа деңгейде (3,2 т га-¹ жыл-¹) екені анықталды. Жалпы зерттеу объектісінде жылына шамамен 90,7% (0-20 т га-¹ жыл-¹ аралығында) төмен немесе орташа деңгейде топырақтың құнарлы қабаты шайылады, ал максималды топырақ құнарлы қабатын жоғалтуы 9,3% (40 т га-¹ жыл-¹) дейін жетеді.

Қорытынды. Ұсынылған эрозияны бағалау әдісі топырақ эрозиясы кеңістікте таралу процестерін толық игеруге мүмкіндік береді, топырақ эрозиясының болашақта қалыптасуын дәстүрлі бағалау әдісіне қарағанда жақсырақ анықтайды, сонымен қатар топырақты тұрақты басқару мақсатында тиімді қолдануға ықпал етеді.

Опубликован

2025-06-30