ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ ӨНІМІНЕ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

Авторы

  • Амантаев Б. О. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Кипшакбаева Г. А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Кульжабаев Е. М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Лущак П. В. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.4(119).1582

Ключевые слова:

жаздық жұмсақ бидай; өнімділік; генотип; тыңайтқыш енгізу; себу мерзімі; себу мөлшері.

Аннотация

Орталық Қазақстанның қара күңгірт топырағы жағдайында жаздық жұмсақ бидайдың қалыптасатын өнім деңгейі көптеген факторлардың әрекетіне байланысты болып келеді. Жекелеген факторлар арасында жаздық жұмсақ бидай өніміне сорттың әсері өте жоғары (29,06%) екендігі зерттеулерде дәлелденген. Жаздық жұмсақ бидай сорттары бойынша алынған деректердің дисперсиялық талдауы сенімділік ықтималдығының барлық деңгейлеріндегі факторлар мен факторлардың өзара әрекеттесуінің сенімді әсерін дәлелдейді және өнімділікке максималды әсер 78,71% жетеді. Өсіру жылдарында қалыптасатын климаттық ауытқушылықтарды есепке алмағанда кез-келген сорттың минералды қоректену ерекшеліктерін, себу мерзімі мен себу мөлшерінің оңтайлы параметрлерін дұрыс таңдау арқылы максималды өнім алуға қол жеткізуге (30,44 ц/га) болатындығы дәлелденді. Орталық Қазақстан өңірінде құрғақшылық жылдары қарқынды сорттарды 20 мамырда, ал ылғалды жылдары 15 мамырда 3,5 млн өнгіш тұқым/га мөлшерімен сеуіп, минералды тыңайтқышпен (Аммофос - 179 кг/га және аммоний сульфатымен - 80 кг/га) қоректендіру нәтижесінде мол өнім қалыптастырады.

Загрузки

Опубликован

2023-12-27