СҰЙЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТЫ ТОПЫРАҚҚА АСТАРЛАЙ ЕНГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ПЫШАҚ ІЗІНДЕГІ ҚУЫС ШАМАСЫН АНЫҚТАУ

Авторы

  • Таңбаев Қ. Қ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Нөкешев С. О. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Тахсин Э. Стамбул техникалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.2(117).1363

Ключевые слова:

бүріккіш; бүрку; сұйық тыңайтқыш; қуыс кеңістік; топырақ өңдеу пышағы; ылғалданған жолақ.

Аннотация

Мақалада сұйық тыңайтқышты топырақ астына енгізуге арналған топырақ өңдеу пышағының ізінде қалыптасатын қуыс кеңістіктің өлшемдерін анықтау мақсатында жүргізілген эксперимент нәтижелері баяндалған. Эксперимент нәтижесі бойынша ылғалдылығы 0,7–1,1%, орташа тығыздығы 1300–1400 кг м3, орташа қаттылығы 7–14 кг/cм2 болған топырақта эксперименттік пышақтың 0,28 м/с, 0,42 м/с, 0,67 м/с, 1,94 м/с жылдамдықпен қозғалысы кезінде пышақ ізіне құлаған топырақ ағыны табанының орташа мәндері сәйкесінше 10–16 мм, 18–22 мм, 30–42 мм, 45–56 мм болды. Теориялық мәнмен салыстырғанда ауытқу төмен дәрежеде (5–6%). Бейнежазбаны графикалық талдау және проекциялау жолымен анықталған сұйықтық пен топырақ бөлшектерінің соқтығысу сызығы тереңдігі (b) жылдамдықтарға қатысты сәйкесінше ≈12 мм, ≈15 мм, ≈20 мм, ≈28 мм болды. Бұл өз кезегінде қажетті ылғалданған жолақ енін алу үшін жеткілікті болатын бүрку бұрышы шегін (130°–164°) анықтауға мүмкіндік берді. Жұмыста анықталған параметрлер шегі сұйық бүріккішті жобалау және оның есептік гидродинамика (CFD) құралдары көмегімен талдау жасау кезінде қолданылуы мүмкін.

Загрузки

Опубликован

2023-06-07