СУЛЬФОНИЛМОЧЕВИНА ЖӘНЕ ИМИДАЗОЛИНОН ТОБЫНЫҢ ГЕРБИЦИДТЕРІНЕ ТӨЗІМДІ КҮНБАҒЫС БУДАНДАРЫНЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫНА АРНАЛҒАН ГЕНДІК ҚОРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН БАСТАПҚЫ МАТЕРИАЛДЫ САРАПТАУ

күнбағыс; ата-аналық үлгі; тозаңдану; гербицидтерге төзімділік;имидазолинон тобы; сульфонилмочевин тобы; будан.

Авторы

  • Байгеленова А. К. «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС
  • Щербань Н. Ф. «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1227

Ключевые слова:

күнбағыс; ата-аналық үлгі; тозаңдану; гербицидтерге төзімділік;имидазолинон тобы; сульфонилмочевин тобы; будан.

Аннотация

Арамшөптер, мәдени өсімдіктер сияқты, топырақтан суды тұтынады, топырақтан, тыңайтқыштардан қоректік заттарды алып күнбағыс өсімдіктерімен бәсекелеседі және олардың өсуіне кедергі келтіреді. Егер арамшөптермен күресу шаралары жүргізілмесе, жақсы өнім алу мүмкін емес. Күнбағыс дақылдарында арамшөптердің 20-дан астам түрі өсетіні белгілі. Оларды уақытылы жойып, егін алқабын таза ұстамаған жағдайда болатын шығын мөлшері 40% жетуі мүмкін. Арамшөптермен күресудің агротехникалық және химиялық әдістерін қолдану,қорғау жүйесінің негізгі шаралары болып табылады.Бұл мәселені шешудің тағы бір жолы, ол гербицидке төзімді будандарды егізу. Дүниежүзі бойынша бұндай зерттеулер 1996 жылдан бастау алған. «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС бұл бағытта 2015 жылдан бастап зерттеулер жүргізіп келеді.Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде күнбағыстың 3 буданы (Байконур, Baiterek-S, Байконур 22) мемлекеттік сұрып сынағынан өтіп жатыр. Бұл будандар гербицидтерге төзімділігімен, өсіп-өну кезеңінің қысқалағымен және жоғары майлылығымен ерекшеленеді. Шаруашылық-құнды көрсеткіштері бар, негізгі аурулар мен гербицидтің әсеріне төзімді аталық және аналық үлгілерден тұратын гендік қор құрылды.

Загрузки

Опубликован

2022-12-21