ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРІЛГЕН МАЙБҰРШАҚТЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІ

бұршақ саны; майбұршақ; микротыңайтқыш; өнімділік; сорт(түрі); тыңайтқыш;

Авторы

  • Муминова Ш.С. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Тастанбекова Г. Р. Шымкент университеті
  • Балгабаев А. М. Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті
  • Ажиметова Г. Н. Шымкент университеті
  • Кашкаров А. А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1224

Ключевые слова:

бұршақ саны; майбұршақ; микротыңайтқыш; өнімділік; сорт(түрі); тыңайтқыш;

Аннотация

Бұл мақалада майбұршақ өсімдігінің қоректенуінің екі түрі қарастырылады фосфор-калий тыңайтқыштарын және микроэлементтері бар фосфор-калий тыңайтқыштарын қолдану. Ағымдағы кезеңде майбұршақ өнімділігін арттыру бойынша іс-шараларды жүргізу ғана емес, сонымен қатар өсімдіктердің қоректенуін оңтайландыру арқылы алынған өнімнің сапасын арттыру маңызды. Бағалы ақуызды-майлы дақылдардың бірі – майбұршақ. Майбұршақ дақылдарын өсіру үлкен өндірістік әлеуетке ие және аудан бірлігінен ақуыз бен майдың ең жоғары өнімділігімен түсіндіріледі. Жоғарыда аталған майлы дақылдардан азық-түліктің 400-ге жуық түрі шығарылады. Зерттеулер «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС тәжірибе алаңында жүргізілді. Бақылау нұсқасы бойынша «Ласточка» сортында тұқым саны 1766,4 дана/м2, «Аққу» сортында 2097,6 және «Галина» сортында 1967,6 дана/м2 болғаны анықталды. Фосфорлы-калийлі тыңайтқыштар мен микроэлементтер МоВ қолдану нұсқасында тұқым санының артық болуы сәйкесінше «Ласточка» сорты бойынша 101,6% құрады; «Аққу» сортында 103,0%-ға, «Галина» сортында 103,6%-ға.

Загрузки

Опубликован

2022-12-21